Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған өңірінде Бас мүфти атынан ауызашар берілді

20.07.2014 3598 0 пікір

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Рамазан айын жоспарлау барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан зиялы қауымға ауызашар беруді төртке бөлген еді.

Рамазан айының бірінші және екінші аптасында журналистермен мекеме басшылары қауымына өткен болатын. Бұл аптаның кезегі облыстағы өз заманында үлкен қызмет атқарып, бүгінгі күні құрметті ел ағасы атанған ардагерлерімізге Бас мүфти, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан ауызашар ұйымдастырылды.

Ауызашар үлкен мерекелік кеш барысында өтті. Елге танымал өнерпаздарымыз ақсақалдарға өнерлерін ұсынды. Ақындар көркем сөздер оқып, арнауларын айтты. Ауызашарға жиылған ардагер ақсақалдарымыз кезегімен сөз алып, еліміздің Бас мүфтиіне  үлкен алғыстарын білдірді.

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру