Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандарға ауызашар берілді

20.07.2014 3369 0 пікір

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс орталығында тұратын зағип жандарға ауызашар жасалды. 80-нен астам тағдыр талқысымен көру қабілетінен айрылған  ақтаулық зағиптар мен мешіт жамағаты Алланың көк үйінде бас қосты.

Денсаулықтарының нашарлығынан жарық дүниені көру бақытынан айрылған жандар Алланың ақ жолына бет бұрып, ауыз бекітіп, ораза ұстанған. Мешітке жиналып, тарауих намазына қатысқан олар ауызашар құрметіне жайылған дастархан басында ауыз ашты.

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде Рамазан айы басталғалы жамағатқа тұрақты түрде ауызашар жасалып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көрсетілуде.

Ақтау қалалық
Бекет ата мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру