Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен тағылымды кездесулер ұйымдастырылды. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы дін қызметкерлеріне аймақтағы мешіттерде насихат жұмыстарының пәрменділігін арттыру мақсатында тарауық намаздарының алдында және ауызашарларда уағыздарды барынша жетілдіруді міндеттеген болатын.
Сөзі мен ісі үйлесім тапқан өкіл имам тапсырмаларды міндеттеп қана қоймай, өзінің өрелі істерімен үлгі көрсетті. Мысыр елінде діни білімін шыңдап, магистрді тәмамдаған туған өлкенің төл перзенті, елімізге белгілі дінтанушы Ризабек Батталұлын облыстық мешіттегі ауызашар дастарханына жиналған жамағатпен жүздестіріп, кеңінен сұхбаттар жүргізді. Дастархан басында ауыз аштырудың сауабы мен ораза тұтудың екі дүниеге пайдасы турасында уағыз айтты. Одан соң өкіл имам мен дінтанушы Қарағанды қалалық №1-мешітінде қонақта болды. Дінтанушы мешіт жамағатына тарауық намазының алдында Алланың берген нығметтеріне шүкір ету мен мұсылмандар арасындағы бірлік пен ынтымақтың қадірін білуге үндеп, зейінді арттыратын уағыз айтты. Жамағат та өз кезегінде серпінді уағыздан тағылым алды. Сұхбаттың соңы тарауық намазымен жалғасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2014
3644
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру