Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айда жаңарған мешіт жайнамазы

18.07.2014 3774 0 пікір

Рамазан айының мағынасын  түсінген  мұсылман баласы қасиетті айда барынша  жан-жақты құлшынып қалуға талпынады. Бұл біріншіден мұсылманның Алла алдындағы дәрежесін өсіріп, рухани кемелдендірсе, екіншіден өзгелерге өнеге, қоғамдағы жақсылықтарға бастама.  Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің жамағаты күн сайын қасиетті айдың шарапатымен қауышып, жанында жүрген жомарттардың жақсы амалдарына куә болуда. «Күнделікті дүйім жұрттың құлшылығына қызмет етіп жатқан жайнамаз да ескіріп қалған еді. Мешітіміздің наиб имамы Ермек Көкірекбаев тынбай кәсіпкерлерді  жағалап, бір жомарт бауырымыздың жақсы амалына себепші болды. 800 мың теңгедей қаржысын жұмсаған кәсіпкер аты-жөнінің құпия қалуын қалаған. Осылайша жомарт кәсіпкерлеріміздің көмегімен мешітіміздің жамағаты жайқалған жаңа кілемнің үстінде құлшылықтарын құлшыныспен атқарып жатыр», –дейді мешіттің бас имамы Нұржан Таласұлы.

Иә, Рамазан жаңару айы. Бұл тек рухани ғана емес, материалдық мүмкіндіктерді де қамтып тұрғандай. Өйткені зекет, садақасы берілмеген дүние-мүліктің де хайыры болмайтынына бүгінгі кез-келген адам мән бере бермейді. Ал ата-бабаларымыз «Садақаңды сауыңда бер», «Мал-мүлкіңді зекет беріп берекеттендір» деген қағиданы қатты ұстанған. Ал Ислам діні ғалымдардың ілімімен, тақуалардың дұғасымен, жомарттардың дүниесімен көркейе түсетінін ескерсек, ата дініміздің өркендеуі үшін кез-келген ізгі амалдың орны бөлек.

                              Айша КЕҢЕСБАЙ
журналист 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру