Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті әр сала мамандарына ауызашар берді

18.07.2014 3525 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Рамазан айына байланысты тапсырмаларына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті елордалық әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ЖОО-ның басшылары, кәсіпкерлер және әр сала мамандарын қамтыған зиялы қауым өкілдеріне «Алтын ғасыр» мейрамханасында ауызашар берді.

Ауызашар барысында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов Рамазан айындағы оразаның артықшылығы, алда келе жатқан Қадыр түнінің қасиеттері жайлы баяндады. Әр сала мамандарының Астана қаласындағы дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттаудағы рөлі жайлы тоқталып, Бас мүфтидің, ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігінің атынан алғыс білдірді.

Дастарқан басында «Астана медицина университеті» АҚ-тың ректоры Шайдаров Мәжит, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Дихан Қамзабекұлы, «Бас редакторлар клубы» ҚБ атынан Кенжеболат Жолдыбай, жазушы Толымбек Әбдірайым, ақын, Серікзат Дүйсенғазин қатарлы қадырменді қонақтар жиналғандарды мүбәрак Рамазан айымен құттықтап, Оразаға байланысты әсерлерімен бөлісті. Аталмыш шараға себепкер болған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов пен мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.

Мәні мен маңызы мол рухани кешті елімізге танымал ақын Қалқаман Сарин жүргізді. Тағылымды уағыздар мен салихалы сұхбаттар арасында асыл дініміздің құндықтарын насихаттаған өлең жырларын оқып, кеш қонақтарын бір серпілтіп тастады.

Осылайша, Арқа төсіндегі дініміз бен дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің арда құндықтарын қамтыған ауызашар дастарханының соңында еліміз бен жерімізге бақ-береке, бейбітшілік пен баяндылық тілеп дұға жасалды.


"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру