Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өнер адамдары ауызашар берді

18.07.2014 3794 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде маңғыстаулық танымал әнші Абай Бегей мен Ибраһим ауызашар берді. Ауызашар қонағы ретінде Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу орталығындағы оралман қандастарымыз шақырылды. Ол орталықта Ираннан, Сауд Арбиядан, Өзбекстан мен Түркменстаннан келген 132 отбасы тұрады. Әрине көпшілігінің тұрмысы айтарлық мәз емес. Облыстық мешіт осы орталықтағы мұқтаж жандарға жыл басынан бері үнемі қайырымдылық жасап келеді.

Рамазан айында ауызашар беріп, сауапқа ұмтылған жандардың бірі Абай мен Ибрахим атты әншілер 17 шілде күні ауызашар берді. Өкіл имам С.Сейтбековтың келген қонақтарға ауызашардың сауабы жайында уағыз айтты. Қонаққа келген ақсақал аталарымыз ауызашар беріп жатқан қос әншіге ризашылығын білдіріп, батасын берді. 

 

Маңғыстау облыстық
орталық 
мешіттің
баспасөз хатшылығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру