17 шілде күні Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, «Жалын» мәдениет үйінде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Ислам –ізгілікке бастайтын дін» атты аудандық конференция өтті.
Шараға облыстық ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, Исатай ауданының әкімі Т.Сұлтанбеков, Мысыр-Араб Республикасы әл-Азһар университетінің ұстазы, шейх Мухаммед Жамалуддин Хашим, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Ж.Есенғалиев, жоғары оқу орындарының өкілдері, облыс теологтары және Исатай ауданының тұрғындары қатынасты.
Өкіл имам «Бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы» тақырыбында баяндама жасап, аудан тұрғындарына діни бағытта атқарылып жатырған жұмыстармен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бүгінгі уақыт талабы мен жауапкершілік жүгін сезініп, оқушы балалардың да білімін жетілдіруге аса мән беріп келетіндігіне тоқталды.
Конференция барысында «Ислам – бейбітшілік пен қауіпсіздік діні», «Дін мен салт-дәстүр руханият бастауы» тақырыптарында секциялық жұмыстары өткізіліп, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре, «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұл, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары Е.Алпысбаев, А.Аташев және Исатай ауданы әкімінің орынбасары М.Өтеғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Шагиров, «Зинеден ата» мешітінің бас имамы Қ.Бақтұғылов, ауданның еңбек ардагері М.Бектенов тұрғындардың діни танымы мен рухани қауіпсіздігі турасында ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелері талқыланып, тұрғындар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап беріліп, жан-жақты пікір алмасты.
Конференция соңынан секция өткізіліп, имам ата-аналарды қабылдап, көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.07.2014
3647
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру