Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мейірім айындағы мол қайырымдылық

18.07.2014 3545 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай «Музаммиль» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  үш бағытының бірі болған қайырылымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.  Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. Осы сәтті пайдаланып, тұрмысы төмен 262  отбасына, әр-бір отбасына 50 кг ұн, 25 күріш, 25 кг шекер, 5 л ақ май таратылды.

Жиналған халыққа  Бас имам Азбергенов Абдіқұл Рамазанның қасиеті, бірлік, ынтымақ туралы уағыз-насихат айтты. Көмекке мұқтаж болған жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.

 

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру