Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы жалғасын табуда

18.07.2014 3301 0 пікір

Алматы орталық мешітінде қала мешіттері мен ҚМДБ «Зекет қоры» бірлесіп өткізген «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы Алматы қаласының мешіттерінде жалғасын тапты. Атап айтсақ, Түрксіб аудандық Фирали Ферғанұлы мешітінде «Рамазан» айының құрметіне аудан тұрғындарынан тұрмысы төмен 70 отбасыға азық-түлік пакеттерімен жәрдем көрсетілді. Аудан имамы және сол ауданға қарасты мешіт имамдары мен жамағаты болып атқарылған іс-шара аудан тұрғындарының алғысына бөленді.

Сондай-ақ Орбита-3 мешітінде 50 отбасына демеушілер тарапынан азық-түлік салынған 50 сөмке «Рамазан сыйы» ретінде таратылды.

Қайырымдылық шарасына Алматы қаласының барлық мешіттері ат салысып, әр ауданда кем дегенде 10 отбасыға азық-түліктей жәрдем көрсетілді.

«Әмин» мешітінде мешіт манайында тұратын Мураддин Якупов деген мугедек отбасының тым өсіп кеткен қысқы жарық пен газ қарызы өтеліп берілді.

Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша төрт егіз баланы дүниеге әкелген Қуанған Назымгүлге балаларының бақшасына Жетісу ауданы мешіттерінің атынан жүз мың теңге көлемінде қайырымдылық жасалды. Сондай-ақ «Али Мухаммед» мешітінде нөмері 1 аудандық балалар үйінде ауызашар ұйымдастырылды. Осы ауызашарға аудандық мешіттің имамдары, «Жастар» одағынан бірнеше мүшелер қатысты. Ауызашардағы мақсат біріншіден жетім балалардың қаяу түскен көңіліне мейірім сыйлау болса, екіншіден оларға Ислам туралы, оразаның құндылықтарын түсіндіріп діни ілімдерін арттыру болды.

Сонымен қатар қаладағы 40 мешіттің 37-сінде ораза тұтқан жамағатқа ауызашарлар беріліп, әр-түрлі көлемдегі қайырымдылық шаралары жасалуда.

Әлбетте мешіт қызметтері мұнымен шектелмек емес. Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет: «Халық Рамазан айында мешітке пітір береді. Сол пітірде жетім-жесір мен мұқтаж жандардың ақысы бар. Қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастырамыз!», – деді.     

Жаратқан Құран Кәрімде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», – дейді. (Сәбә сүресі, 39-аят). Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, өзгелердің қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру