Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мемлекет қызметкерлеріне арналған ауызашар

18.07.2014 2740 0 пікір

Атырау қаласы, "Иманғали" орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан кезекті ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар дастарханына Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы бастаған бірқатар мемлекет қызметкерлері, дін өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы сөз алып: «Барша қазақ елінің, күллі мұсылмандардың мүбәрак айы Рамазан берекелі болсын! Осы айда тұтып отырған оразаларыңыз қабыл болсын. Қазақ халқы ежелден ата діні мен дәстүріне бекем халық. Біз дінімізді дәстүрімізбен сабақтап, өмірлік ұстанымдарымызды биік ұстап келген елміз», – дей келе, жиналған қауымға Рамазан айы жайында уағыз айтып, қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасады.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру