Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы әкімінің ауызашары

18.07.2014 3391 0 пікір

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Жетісу жұртшылығына ауызашар берді. Оған мемлекет қызметкерлері, мекеме басшылары және зиялы қауым өкілдері және ардагер ақсақалдар қатысты.

Алматы облысының орталығындағы бұл ауызашардың ерекшелігі қаламыздағы жеті жылдан бері салынып жатқан үлкен мешіттің ауласында өтуі. Жетісу жұртшылығы ауызашардың мешіт құрлысының басында өтуін жақсы ырымға жорыды. Облыс әкімі Аңсар Тұсынханұлы ауызашар уақытнан ертерек келіп, мешіт құрлысының жұмысымен жете танысты. Құдай қаласа үлкен мешіттің құрбан айтқа дейін ашылатынын айтып, халыққа қуаныш сыйлады. Ауызашарға жиналған жұрт екі бірдей қуанышқа кенелді. Біріншісі ауыз ашар қуанышы болса, екіншісі мешіт ашылуы туралы хабардың қуанышы.

Рамазан айы үлкен мереке болғандықтан ауызашарға келген зиялы жұртшылық рухани кештің куәсі болды. Өкіл имам Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруымен өткен ауызашар кештің басын ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержанқажы Малғажыұлының құттықтауын бейне таспа арқылы жұртшылыққа ұсынды. Сонымен қатар, діннің мән-мағынасын ашатын, имани ойға түрткі болар бейне роликтер көрсетілді. Дін жанашыры белгілі ақын, журналист Жұматай Әміре жиынды басқару барысында әр-түрлі даналық тәсілдер арқылы дінімізді жиналған жұрттың жүрегіне жеткізуге тырысып бақты.  

Облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы жамағатты берекелі рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерімен қоса өз ризалығында білдірді. Өкіл имам Серікхан Рымханұлы жиналған жұртқа Рамазан айының, ораза ұстаудың мәні мен маңызы жайлы уағыз айтып, Қадыр түні кешін құлшылықпен өткізуге және айт намазына бір адамдай қатысуға шақырды. Өкіл имам сөз соңында облыстағы діни істердің алға басуына қамқорлығын көрсетіп жүрген облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлына үлкен Құран және жайнамаз сыйға тартты. 

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру