Рамазан айында қаламызда 30 мекемеде 30 кездесу болады деп, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы жұмыс жоспарларына кіргізген болатын. Қазіргі таңда шүкір қаламыздағы біраз мекемелерде имамдардың қатысуымен кездесулер болып, уағыздар айтылуда.
Бүгінгі сол кездесулердің бірі «Абзал и К» мекемесінде болып өтті. Бұл кездесуге орталық мешіттің ұстазы Арын Берік қатысып Рамазан айының артықшылығы мен оразаның денсаулыққа пайдасы туралы айтып, қызметкерлер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға тұшымды, дәлел дәйігімен жауап берді. Жалпы бұл кездесуге 30 адам қатысты.
Қызылорда облысы
орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.07.2014
3140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру