БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, облыстық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев, Орал медресе ұстаздары Есім Ержан мен Әсет Раманқұлов, Мысыр елінен келген «Орал» медресесінде ұстаздық қызметін атқарып жатқан Мұхаммед Шушан облыстық ТДК-42 телеарнасындағы тікелей эфирден болатын «Айтарым бар» атты ток-шоуға қатысты.
Қасиетті Рамазан айының құндылығын дәріптеу мақсатында бас қосқан дін мамандары Рамазан оразасына қатысты Орал қаласының тұрғындарының көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Қырық минут жалғасқан ток шоуда Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы: «Рамазан айы нұрын шашып келгеніне міне бірнеше күн өтіп кеткенін байқамай да қалдық. Расында берекелі, шаттық күндер тез өтіп кетеді екен. Осы берекелі айға орай қаламыздағы мешіттерімізде күні бойы ораза ұстаған жандарға ауызашар берілуде. Көшелерге Рамазан айымен құттықтап, жарнамалар ілініп, халқымыздың ой санасына мұсылман жұртының асыға күткен Рамазан айының басталғанын паш етіп, тәубе мен шүкір ететін ай екенін жариялануда», – деп мәлімдеді.
Қалалық мешітінің имамы Әлімхан Тұрлыбеков өкіл имамның сөзін жалғастырып, мешіт төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізіп жатқан жетістіктерге шолу жасады.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының берілген тапсырмасына орай Орал өңірі бойынша 100-ге жуық шәкірт мешіттерімізде тәлім алып, сауаттарын ашуда. Сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жасөспірім балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын пайдалану арқылы оларға әдеп, иман сабақтарын үйретілді.
Батыс Қазақстан бойынша бес жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Орал» медресесін бітірген түлектерді, әр ауданның бас имамы, найб имамы етіп, жер-жерлерге қызметке жіберілуде. Рамазан айында да Түркия елінен арнайы екі қариларды алып, облыс, қала мешіттерде тарауих намазы кезінде Құран Хатым түсірілуде.
Мысыр елінен келген, Орал медресесінің ұстазы Мұхаммед Шушан Рамазан айында оқылатын Тарауих намазы туралы түсінік беріп, уағыз-насихат айтуда.
Медресенің ұстаздары Есім Ержан мен Әсет Раманқұлов Рамазан оразасына байланысты көрермендерден келген сұрақтарға жауап берді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.07.2014
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру