Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АНТ мүшелері Мұғалжар ауданында болды

17.07.2014 3648 0 пікір

Облыстық ақпараттық насихат топ мүшелері ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Ә.Дауренбеков, Аңсар ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Талдыбаев пен аталған орталықтың дінтанушы маманы Ж.Сүлейменов, Ақтөбе медресесі директорының орынбасары Б.Нұрғалиев облысымызға қарасты Мұғалжар ауданында болып, дәстүрлі дініміздің аясындағы уағыз насихаттар айтты.

Бекітілген жоспарға сәйкес АНТ мүшелері Ақкемер және Еңбек ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерінде жалпы халықпен, Қандыағаш қаласындағы «Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімі» ММ мен «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» ММ қызметкерлерімен, Мұғалжар аудандық орталық «Нұртай» мешітіндегі ауызашар дастарханында болды. Келесі күні Ембі қаласы әкімдігінің мәжіліс залында жалпы халықпен, Жем қаласындағы ҚАЖ-168/5 мекемесінде жазасын өтеушілермен, Батпақкөл селолық округіндегі Жағабұлақ ауылдық мешітінің жамағатымен және Жұрын ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалпы халықпен кездесу өткізді.  Кездесулер барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы Ә.Дауренбеков қазақы салт-дәстүрімізбен сабақтасқан ислам дінінің қыр сырларына тереңнен тоқталып, қоғамда орын алып жатқан діни алауыздықтың білімсіздіктің салдарынан көрініс беріп жатқандығын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, ата дініміз дәріптеген дәстүрлі жол мен дәстүрден тыс діни ағымдардың арысындағы айырмашылықтарға тереңнен тоқталды.

Аңсар ақпараттық талдау орталығының басшысы Т.Талдыбаев «Қазақстан Республикасында білім берудің зайырлық қағидалар жүйесі мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері» – тақырыбы аясында баяндама жасаса, Ж.Сүлейменов «Зайырлы Қазақстанның рухани дамуының кепілі», – тақырыбында сөз сөйледі. Ақтөбе медресесі директорының орынбасары Б.Нұрғалиев кездесулерде Ислам дінінде білім алудың ерекшелігін Құран аяттары  мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадистерінен дәйектемелер келтіре отыра, Ақтөбе медресесіне келіп шәкірт болып, діни білім алуға шақырды. Айтылған насихаттарды тыңдаған аудан тұрғындары, АНТ мүшелеріне алғыстарын айтып тарқасты.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру