Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламды қабылдаған - Максим

17.07.2014 3085 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлының ұйымдастыруымен жетім балалар үйінде тәрбиеленген, ұлты поляк Максим Фауст асыл дінімізді қабылдады.

Қазіргі уақытта ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінде дайындық курсында оқып, ұстаздардан дәріс алып, медресеге оқымақ ниетте.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қайырымдылық шараларын жасау назарда ұстап келеді. Осыған орай Максимді өкіл имам Руслан Сұлтанов жүрегіне жақын тартып,  жас балаша сөйлесіп, «Ұстаз, білім» жайында ғибратты әңгімелерін айтып, жүрегінен орын таба білді.

Қасиетті айда Максиммен бірге облыс имамы Руслан Тыныштықұлы дүкенге барып, өзіне ұнаған киім-кешектерін алып беріп, қаржылай көмек берді.

Дана халқымыз: «Жетім көрсең жебей жүр», – демекші, ұлық айда жақсылық атаулымен жарысып, сауапты іске кенелейік барша мұсылман жамағатты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру