Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге сертификат табыс етілді

17.07.2014 3150 0 пікір

Жаз маусымы басталғалы ҚМДБ-сының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша мешіттер жанында мектеп жасындағы  балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы қолға алыған болатын.

Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында 30-ға жуық шәкірт діни сауатын ашты. Құран Кәрім әліппесін үйренумен қатар, олар ислам тағылымдары, мешіт әдебі, ата-анаға құрмет, Отанды сүю сынды тақырыптарда кеңінен мағлұмат берілді.   

Сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттерге Жезқазған аймағының өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы алғысын айтып, сертификаттарын табыс етті. Сонымен қатар, балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын сыйға тартты. Ата-аналары атынан дәріс беріп жатқан ұстаздарға алғыстар айтылды.

«Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешіті алдағы уақытта да имандылық дәрістерін жалғастырмақ. 

 ҚМДБ-ның Жезқазған
аймақтық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру