Рамазан айы – жарылқаушы ай. Жарылқаушы айда жақсылық пен қайырымдылық жасау үлкен сауап. Осындай игі мақсатта «Зекет» қорының Маңғыстау облыстық филиалының директоры С.Хантөреев Ақтау қаласындағы жағдайы төмен жандарды Маңғыстау облыстық орталық мешітіне ауыз ашар қонақтары ретінде арнайы шақырды. Отбасыларымен қонаққа шақырылған жандар ауызашар дастарханынан ауыз ашып, өкіл имам С.Сейтбековтың уағызын тыңдады. Шақырылған қонақтар өздерін ескеріп шақырғаны үшін Зекет қорына және өкіл имамға алғыстарын айтып жатты.
Облыстық мешіт пен «Зекет қоры» тарапынан мұндай отбасыларға ұдайы қайырымдылық көмек жасалып келеді және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Маңғыстау облыстық
орталық мешіттің
баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.07.2014
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру