Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сырдағы сауат ашу курсы аяқталды

17.07.2014 3316 0 пікір

Оқушылар жазғы демалыс уақытына шыққан уақыттан бастап Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жазғы діни сауат ашу курсы басталған болатын. Балаларға арналған сауат ашу курсы мешітімізде екі кезеңмен жүргізілді. Алғашқы кезеңде орталық мешітте 70-тен аса бала тәрбиеленіп, діни білім алып сауат ашқан болатын. Бүгінде, сауат ашу курсының екінші кезеңі межелі мәресіне жетіп, өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.

Балаларға Мысырдағы «Әл-Азқар» университеті және еліміздегі «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерде білім алып жүрген жергілікті жастарымыз бір жарым ай көлемінде дәріс берді. Шәкірттер тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер ойындар ойнап, өз араларында жарыстар да  ұйымдастырылды.

Бүгін сол білім алған 30 баладан емтихан алынып, Өкіл имам өз қолымен сертификаттар табыстады.

Талғат Сейіткәрімұлы: «Ұстаздарымыз азды-көпті балаларыңызға діни білім беріп үйретті. Енді, әрі қарай осы балалардың тура жолдан адаспауы сіздерге байланысты», - деп, ата-аналарға құлақ қағыс ретінде жиі-жиі балаларыңызды мешітке әкеліп тұрыңыздар деді.

Ата-аналарда өз ризашылқтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 

Қызылорда облысы
орталық мешітінің
б
аспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру