Маңғыстау облыстық орталық мешіті күнделікті 250 адамға ауыз ашар беріп келеді. Мешіт ауласына тігілген 3 киіз үйдің бірі арнайы шақырылған қонақтарға арналған. 14-ші шілде күні ауызашар қонағы ретінде Облыстық Әділет департаментінің ұжымы шақырылды. Өкіл имам С.Сейтбековтың шақыруын қабыл алған Облыстық Әділет департаментінің басшысы Атағазиева Бақытгүл ханым бастаған департамент қызметкерлері орталық мешітте ауыз ашар қонағы болды. Дастархан басында өкіл имам ауыз ашардың сауабы жайында уағыз айтты.
Дініміздің дәстүріне сәйкес Құран оқылып, бата жасалған соң, келген қонақтар өкіл имамға ризашылығын айттып жатты.
Маңғыстау облыстық
орталық мешіттің
баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.07.2014
3469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру