Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай, шілденің 15-і күні «Иманғали» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен «Мөлдіркөз» зағип жандар қоғамдық бірлестігінен 36 отбасыға азық-түлік беріліп, көмек көрестілді. Сонымен қатар, мешітке жәрдем сұрап келген жалғызбасты, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен жанұяларға да азық-түлік ұсынылды. Көмек көрсетілген отбасылардың жалпы саны 100-ге жетті.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.
«Иманғали» орталық мештінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.07.2014
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру