Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Есту қабілетінен айырылған жандарға ауызашар берілді

14.07.2014 3470 0 пікір

Таяуда ғана Алматы қаласына жаңа қосылған Наурызбай ауданы мешіттері де қасиетті Рамазанда сауапты істермен жарысуда. Атап айтқанда, Таусамалы елдімекеніндегі Әбу Бәкр мешіті 13-шілде күні Қазақстан саңыраулар қоғамындағы есту қабілетінен айырылған 30 кісіге ауызашар берді. Мешіттің бас имамы Мұсаев Абдухамит қонақтарға Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз айтып,  сыйлықтар таратты.

Мейірім мен жан жылуына мұқтаж мүгедек жандарды өзге дін өкілдері жетегіне ертіп жатқанда, біз де оларға асыл дініміздің мейірімі мен қадір-қасиетін, ғаріп жандарды ешқашан назардан тыс қалдырмайтынын көрсете білгеніміз құптарлық іс екені анық.

Әбу Бәкр мешітінің
баспасөз қызметі
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру