Мешіт – бұл Алланың үйі. Өкінішке орай кебір жандар мешітке тек жақындары о дүниелік болғанда оны ақтық сапарға шығаратын молда іздеп келсе, енді бірі тек қайырымдылық көрсетеді – деп, келеді. Йә, бұның барлығы мешіт аясындағы жұмыстар. Дегенмен де бірінші мешіт бұл Аллаға құлшылық жасайтын орын екенін қаперден шығармасақ игі.
Алла үйіне соңғы үмітпен келетін адамдар да Хақты танып жүктелген парыз амалдарды орындай бастайды. Мешітке сан мыңдаған адамдар әр түрлі себеппен келіп, жәрдем сұрайды. Әрине оның барлығына көмек беріп жәрдем жасағанға не жетсін! Бірақ қолдың қысқалығы мүмкіндік бере бермейді. Шама-шарқы жеткенше Алла үйінің қызметкерлері үміттерін арқалап келген әрбір жанға, бар ықылас ниетпен көмек беріп жатады. Солардың бірі Қызылорда облысының орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жасалған қайырымдылық.
Ота жасауға қаражаты жетпей тұрған апамызға қаржылай, ал қалған екі отбасыға азық-түліктей жәрдем жасалды.
Апаларымызыдың бірі өз ризашылықтарын білдіріп: «Сөздің шындығы Құдіреті шексіз Алланың үйіне соңғы үмітімді арқалап келдім. Сол үмітім аяқ асты болмай үнемі жәрдем көрсетіп келесіздер. Алла разы болсын!», – деп, ізгі ниеттерін білдірді.
Алла жолында сарып етілген мал-дүниеге Жаратушы Йеміз сауаптан жазғай.
Қызылорда облысы өкілдігінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2014
3136
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру