Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан айының құметіне әр аптаның жексенбісінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Бұл аптаның жексенбісінде мұқтаж жандар шақырылып, оларға ақша және азық-түлік берілді. Бүгінгі кезекті қайырымдылық шарасына 16 жанұя шақырылды. Олардың көпшілігі жесір әйелдер, көп балалы отбасылар және жалғыз басты қарттар. Өкіл имам С. Сейтбеков олардың жанында болып, Рамазан айының 17-інші күнгі ауызашар дастарханына қонақ болуға шақырды.
Мұқтаж жандардың ішінде 63 жастағы Рахбанов Сағындық есімді жалғыз басты қарт та бар. Жұбайы қайтыс болып, жалғыз өзінің өмір сүріп жатқанына он жылға таяу уақыт болған. Мұнайлы ауданының Маңғыстау -1 ауылында біреудің сарайын жалға алып тұрып жатқан ол «қартайғанда жалғыз қалғаннан жаман нәрсе жоқ екен, ұлым болғанда ғой, бұлай жүрмес едім» – деп, мұңын шағады. Әкелерін қолдарына алуға тұрмыстағы екі қызының күйеулері ыңғай бермепті.
Ал, Ғұламмұхаммед есімді оралман азаматтың 13 баласы бар. Бүгінгі күні оралмандарды бейімдеу орталығында тұрады, бала-шағасын жалғыз көлігімен асырап жүр. «Жақсы жұмыс көзін тапсам», – деген тілегі бар.
Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазанда сауабы еселенетін көркем істерден. Облыстық мешіт тарапынан қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2014
3861
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру