Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер Құран хатым түсірді

14.07.2014 3521 0 пікір

Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің діни сауат ашу курсының ұстаздары Ақерке Тұрғанбай, Қарлығаш Қажымәлікқызы және Кажуева Жұлдыздардың  ұйымдастыруымен  қасиетті Рамазан айы басталған алғашқы күннен бастап аталмыш мешіттің дініи сауат ашу курсының 65 әйел шәкірті бірлесіп қасиетті Құран Кәрімді 10 күннің ішінде толығымен хатым етті. Рамазан айының оныншы күні шәкірттер Құран Кәрімнің 30 пара сүресін толығымен хатым етіп бітіруіне орай Алла Тағаладан елімізге тыныштық, Елбасына туралық,  халқымызға амандық, дінімізге береке, әрбір отбасына баянды бақыт тілеп, дұға жасады.

Сондай-ақ аталмыш сауат ашу курсының әйел шәкірттері  қасиетті айдың 18-і, 21-і, 24-і, 26-ы күндері  ұстаздарының ұйымдастыруымен Исламдағы әйел-ананың орны, Исламдағы бала тәрбиесі, қасиетті айдың құндылығы және қасиетті Қадыр түні тақырыптарында арнайы уағыз-насихаттар жүргізуге дайындалуда. Жалпы айтқанда, мешіттің әйел шәкірттерінің бастамалары мен ұсыныстарына орай Рамазан айы басталғалы аптасында 4 күн бойы оларға арнайы кесте бойынша имандылық дәрістері жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың қатары жаңа шәкірттермен үздіксіз толығуда. 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстаздары тамыз айында да оқудың тұрақты мазмұны бойынша (Ақида, Фиқһ, Ақлақ) өз дәрістерін жалғастыра бермек.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру