Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы өз мәресіне жетті (ФОТО)

13.07.2014 4475 0 пікір

2014 жылы «Дін мен дәстүр» аясында Рамазан айының құрметіне Алматы Орталық мешітінде өткен бүлдіршіндер арасындағы Құран жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа 75 бүлдіршін қатысты. Оның 50-і ұл бала болса, 25-і қызбала.

Әділ қазылар құрамында Астана қаласы, Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің бас имамы, хафыз Жұманазар Садырханов, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бақтияр Қасымалиев және «Әбу Ханифа» медресесінің араб тілі және фиқһ пәндерінің ұстазы Әлішер Ташбаев қазылық етті.

Жарыс 11 шілдеде ұл және қыз балалар арасында жеке-жеке өткізілді. Құран жарысының әрбір үміткеріне: тәжуид, «Шәмс» сүресінен бастап, «Нәс» сүресіне дейін жатқа білуі тиіс ережелер қойылды. Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жасөспірімдер арасындағы Құран жарысының қорытындысы төмендегідей:

Ұлдар арасында:

1-ші орын: Өндіріс Айдарбек, (10 жас) - 75 000 теңге

2-ші орын: Құдабай Мұстафа (6 жас) - 55 000 теңге

3-ші орын: Ембергенов Халилулла (11 жас) - 35 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы есебінде 10 балаға электронды Құран мен жайнамаздар берілді.

Қыздар арасында:

1-ші орын: Ермекқазы Мәдина Берікқызы (6 жас) - 75 000 теңге

2-ші орын: Хадиша Бағдашқызы (10 жас) - 55 000 теңге

3-ші орын: Шеризат Фатима (14 жас) - 35 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы есебінде 7 қыз балаға электронды Құран мен жайнамаздар берілді.

Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Есмағанбет бұл үрдіс жыл сайын Рамазан айының құрметіне жасалатынын жеткізді. Мұндай игі бастаманы ұйымдастырушылар мен оған белсене атсалысқан қатысушыларды Алла тағала Ұлы рахметімен берекеттендірсін! – деп, дұға етеміз.

azan.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру