Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге мақтау қағазы табысталды

12.07.2014 4914 0 пікір

Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында жайма шуақ жазғы маусымда дәріс алған жасөспірім ұлдармен қыз балаларға мақтау қағазы табысталды.

Семей аймағы бойынша өкіл имам Алтыбай Мақсат: «Әрбір ата-ананың міндеті өз перзентін, имандылыққа әдептілікке, үлкенді сыйлау сияқты адамгершілік қасиеттерді баланың санасына жас сәби кезінен ұялата білудің пайдасы өте зор.

Бүгінгі мұсылмандық тәрбие алған шәкіртеріміз елін отанын сүйетін иманды, инабатты болып өсетініне кәміл сенемін!», – деп, өз сөзін жеткізді.

Діни сауат ашу курсынан сабақ алған шәкірттерге марапаттау қағазын тапсырып, бақытты болашақ тіледі. Осы жиынға қатысқан барлық балалардың ата-аналары дәріс берген ұстаздарға Бауыржан Таубекұлымен, Динара Тұрлықожанға балалар шынайы алғыстарын білдірді. 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру