Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұстазға құрмет, шәкіртке міндет!

12.07.2014 4209 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының жұма күні облыстық орталық мешітінде Араб елінен арнайы келген ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің ұстазы Мохаммед Нажи Шушан Кассемге облыс имамы Руслан Сұлтанов қазақтың  салтымен иығына шапан жапты.     

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жиылған жамағатты Қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Өкіл имам: «Мохаммед Нажи Шушан Кассем ұстаздың еңбегін бағалап, өзімен бірге қызмет етіп келе жатқан Есім Ержан Қазақстан бойынша жоғары балл жинап, Египет Араб ислам мемлекеті Әл-Азһар университетіне түссе, Түркия Республикасы Хасеке оқу орнына облысымыздан екі шәкіртіміз Ерлан Кенжин мен Әжімұхан Өтебақ болса,  Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне 5 шәкірт жіберілсе, Астана медресесіне бес шәкіртіміз білім алмақ ниетте, Сарыағаш медресесіне бір қызымыз ілім алмақ. Ал, Әбу Ханифа медресесінде екі шәкіртіміз ниеттерін білдірді», – деп жүрек жарды тілегін жеткізді.

Мохаммед Нажи Шушан Кассем «Орал» медресесінің шәкірттеріне екі дүниенің ілімін сыйласа, облыстық, қалалық мешіттерінің жамағаттарымен араласа жүріп, Құран үйретсе, шалғай аудандарда ұйымдастырылған семинарға арнайы  барып, аудан имамдарына, ауыл молдаларына дәріс беріп келеді.

Осындай ұстаздарға құрмет көрсету баршамыздың міндетіміз.                     

Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру