Маңғыстау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінде суицидтің қоғамға қатерлілігі туралы жиын өтті. Мекеме қызметкерлеріне арналған шараға өкіл имам С.Сейтбеков арнайы шақырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздегі суицид мәселесі қоғамның барлық мүшесін алаңдатуы тиіс. Осы орайда бұл мәселеге шариғаттың салған шектеуін әр бір адамның білгені абзал.
Өкіл имам жиналғандарға суицидтің қоғам үшін зияны жайында кеңірек баяндап, өз- өзіне қол жұмсау дінімізде күнәлі іске жататындығын айтты.
« Өмірдің өткінші қиындықтарына бордай босап, үмітін үзу - имансыздықтан. Өз -өзін өлтіру себептері көбінесе басқа түскен бәлені, не сынақты көтере алмағаннан болады. Адам өзімшілдікпен емес, бауырмалдықпен өмір сүрсе бұл дүниеден безетін жол іздемес еді. Суицид дертінің емі- иманда» деді өкіл имам С.Сейтбеков.
Жиынға қатысушылар өкіл имамның адамның рухани құлдырауына иман қашанда көмекке келетіндігі туралы, Алла берген өмірді ізгілік пен жақсылыққа жұмсаудың абзал екендігі жайлы әсерлі уағызын тыңдап тарасты.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.07.2014
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру