Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жыңғылды ауылындағы ауызашар

11.07.2014 4020 0 пікір

Өкіл имам С.Сейтбеков Ақтау қаласынан 110  шақырым жерде орналасқан Жыңғылды ауылында ұйымдастырылған ауызашарға қатысты. Қаратау жотасының баурайында орналасқан үш мыңға жуық халық тұратын ауылда 80 адам ауыз бекітіп, Алла алдындағы парыздарын өтеп жүр.  Жыңғылдының тумасы, Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаты  Сәкен Төребаевтың ұйымдастырған ауызашар кешіне өкіл имам және ауыз бекіткен ауыл тұрғындары шақырылды.

Өкіл имам С.Сейтбеков жиналғандарға оразаның қадір қасиеті, рамазан айында жасалатын құлшылықтар туралы уағыз насихат айтты. Кейін көпшілік өкіл имаммен бірге тарауық намазын оқыды.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру