Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы «Орбита» мешітінде тұрмысы төмен 50-ден астам мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды.
«Мешітімізде қайырымдылық шаралары жиі жасалады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында барлық мешіттерде мұндай игі шаралар көбірек ұйымдастырылуда. Бас мүфти Үндеуіне үн қоса отырып, дін жанашырларының демеушілігімен ауданымызға қарасты аз қамтылған тұрмысы төмен 50-ден астам тұрғындарға азық-түлік таратып отырмыз. Ислам – мейірімділік пен қайырымдылық діні. Қасиетті айда атқарылған әрбір игі амал еселеніп жазылады», – дейді «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев.
Үлкен сөмкеге күнделікті тұтынатын заттар (ұн, күнбағыс майы, күріш, шай, макорон, т.б.) салынған.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.07.2014
3381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру