«30 күнде 30 мекемеде уағыз насихат» ұранымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт Қызылорда қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында бірқатар басшыларымен қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Пайғамбарымыз (с.а.у) өмірбаяны, дінді тарату жолындағы басынан өткерген қиыншылықтары жайлы және ораза туралы толыққанды тыңдарман қауымға түсіндірді.
Жұртшылықтың көкейінде жүрген сан сауалдарға жауап алынды. Айтап айтар болсақ, кертартпа ағымдардың халық арасында тарауы, оның алдын алу шаралары, қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған жаназа шығару барысындағы ысырапшылдыққа бой алдыру аталмыш отырыстың өзекті мәселесіне айналды. Кездесу соңында мекеме қызметкерлері дән риза болып, алдағы уақытта да осындай кездесулер өз жалғасын табатындағына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысы өкілдігінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.07.2014
3366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру