Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Жезқазған аймақтық мешітіне қарасты қала, аудан, ауылдарда ауызашар дастархандары және қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Жезқазған қаласының «Ө.Бақоңыров» атындағы университетінің ректоры Такишев Әбділмәлік Арғынұлы ағамыздың ұйытқы болуымен 7 шілде күні ораза ұстаған жамағатқа арналған ауызашар берілді.
Келесі күні қалалық кәсіпкер Дәуір ағамыздың да осы бір сауабы еселенетін айда өзінің «Алтын Сарай» дәмханасында жамағатқа арналған ауызашар дастарханын жайды.
Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы жиналған кісілерді Рамазан айымен құттықтап, дәмнің басында дұға жасап, Рамазан айының құндылықтары жайлы уағыз-насихат айтты.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.07.2014
3473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру