Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылар ауызашарда болды

09.07.2014 3635 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде рамазанның он бірінші күнгі ауызашары қажыларға арналды. Өкіл имам С.Сейтбековтің шақыруын құп алған Маңғыстау облысындағы қажылар қауымдастығының төрағасы Асқар қажы Маймақов өңірдегі қажылыққа барып келген ата–әжелеріміз бен аға-апаларымызды ертіп келді. Дастархан басында өкіл имам С.Сейтбеков бірлік, береке жайында, дінге жанашырлық турасында уағыз насихат айтты. Жиналған үлкендерден мешіт ақсақалдары Таған қажы мен Лепес қажы сөз сөйлеп, алғыстарын айтты. «Біздің сүттей ұйып отырған тыныштығымыз бұзылмай, келер ұрпақтың иманды, отансүйгіш болғанын қалаймыз. Осы орайда мешіт тарапынан атқарылып жатқан шаралардың барлығы нәтижелі болып, береке- бірлігімізге дақ түспесін», -деді олар. Өкіл имам да өз сөзінде қажылардың жүрген жерлерінде дінді насихаттап, ел іргесінің сөгілмеуіне қызмет етіп, адамдарға жақсылық жасау мен бейбітшіліктің құны туралы уағыздап жүруді өтінді.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
 баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру