Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам қабылдау өткізді

09.07.2014 3225 0 пікір

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Астанамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілердің қатары күрт артып,  кісі аяғы басылар  емес. Алыстан ат терлетіп Астанаға келген қонақтардың ең алдымен ат басын тірейтіні – осы «Әзірет Сұлтан» мешіті болып тұр. ТМД көлемінде теңдесі жоқ құлшылық ордасына еліміздің аймақтарынан ағылған жандарды былай қойғанда, алыс-жақын шет елден келгендер сыйлы қонақтар да қаншама.

Бүгін  мешітімізге бас сұққан сондай сыйлы қонақтардың бірі Саид Мухаммад әл-Рошд «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының қабылдауында болды.  Ислам әлемінде қасиетті Құран Кәрім кітабын орысша тәржімалаған Валерия Порохованың жұбайы әрі еңбектерінің редакторы ретінде танымал болған Саид Мухаммад бас имамның қабылдау жасағанына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Қабылдаудан шыққан кейін Саид Мухаммад мешіт жамағатымен кездесу өткізіп,  уағыз айтып, дәріс жүргізді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру