Мемлекеттік қызмет аса жауапты жұмыс. Бұл мәртебелі лауызымды иеленушілер мемлекеттің мүддесі үшін қызмет етеді. Маңғыстау облыстық мешіті қоғамдағы маңызды сала өкілдеріне сыйластық танытып, оларды ауызашар дастарханына қонақ етті. Рамазанның оныншы күнгі ауызашар дастарханынан облыстағы мемлекеттік қызметкерлер дәм татты. Өкіл имам С. Сейтбековтің ұсынысымен рамазанның кешіне облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ержан Күмісқалиев, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Иса Есенәлі, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қызметкерлері шақырылды.
Отырыста облыстық мешітінің бас имамы С. Сейтбеков бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуін жеткізіп, оразаның қасиеттері туралы уағыз айтты.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
3251
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру