Мұсылман үмметінің құрметті айында Маңғыстау облыстық орталық мешіті қайырымдылық шараларын белсене ұйымдастыруда. Кезекті игі шараны облыстық орталық мешіті мен Мұнайлы аудандық орталық мешіті бірлесе жасады. Өкіл имам С.Сейтбековтің қатысуыменен тұрмысы төмен, жесірі мен жетімі бар 5 отбасыға қаржылай және азық -түлікпен көмек көрсетілді. Мұнан кейін өкіл имамның бастап баруымен Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы аудандық мешіттің ауласында 15 жанұяға ет пен қажетті азық -түліктер таратылды.
Өкіл имам С.Сейтбеков мұқтаж жандарға көмек ісі әрқашан жалғаса беретіндігін айтып, жиналғандарды оразаның ауызашар дастарханына шақырды.
«Рамазанның берекесі мейірімділік көрсетумен және ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жихад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты»,- деген Пайғамбарымыз (с.а.с)» деді өкіл имам С.Сейтбеков.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
3738
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру