Жезқазған аймағы бойынша мешіт асханаларында Рамазан айы басталысымен жамағатқа арналған ауызашар дастархандары жайылуда. Осындай сауапты шаралардың кезекті отырысы Қаражал қаласында «Ақсерке» шаруа қожалығының иесі Ақашев А.Ғ. демеушілігімен мешіттің асханасында қала жамағаты, зиялы қауым, қала басшылығына арнап ауызашар дастарханы жайылды.
Қаражал мешітінің бас имамы Дулат қажы жиналған жамағатқа Рамазан айынының артықшылығы жайлы уағыз-насихат айтып, қайырымды амалдарды молынан істеуге шақырды. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында Қарағанды облысы өкілеттігінің найб имамы Абдрахманов Ысқақ жамағатқа уағыз айтты. Ауызашарға Жәйрем мешітінің бас имамы Ақмағамбет Мурсали, Ақтау ауылының имамы Құлмағамбетов Нарбай, Ақтай ауылының найб имамы Жанабеков Ержан, мешіт жамағаты және ауыл ақсақалдары қатысты. Осындай ораза айындағы сауабы еселеніп жазылатын игі шаралар жалғасын табуда.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы,
Қаражал қаласының
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
4117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру