Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар үйіне қайырымдылық көрсетілді

08.07.2014 3317 0 пікір

Жастар елдің бүгінгі үміті, ертеңгі ел болашағы. Сол шыбықтардың түзу өсуі әр бір ел үшін маңызды. Олардың жақсы тәрбие алуына ықпал жасау әр бір ата-ананың міндеті. Ал, ата-ана қамқорын көрмей өсетін балалар үшін кім жауапты? Оларға тәрбие беру елдің әр азаматына жүктелген жауапты іс. Оларды өз қамқорлығына алып, керек кезде жәрдем беріп, ыстық ықыласын білдірсе, ол азаматтар мен азаматшалар елдің бетке ұстар ұл-қыздары болары сөзсіз.

Сол жастарға рухани, материалдық демеп ағалық парыздарын көрсету үшін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында» болып меркелік бағдарлама ұйымдастырып, азық-түлік таратты.

Өкіл имам жастарды Рамазан айымен құттықтап, осы ұлы айдың мән-мағынасына жіті тоқталды.

 

Қызылорда облысы орталық 
«Ақмеші-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру