Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөздегі қасиетті айыдағы іс-шаралар

08.07.2014 3381 0 пікір

Әлем мұсылмандарының мейрамы болған қасиетті Рамазан әр мұсылманның жүрегінде ұлық мейрам ретінде орын алуы қажет. Қазақ халқында да қасиетті Рамазан айының келуін ерекше тойлап жарапазан жырын айтқан. Жарапазан сөзінің мағынасына үңілсек те «жа» – келді,   «рамазан» – рамазан айы деген сөздерден алынған. Демек, жарапазан «рамазан айы келді» деген мағынаны білідіріп, халқымыз қасиетті айды күтіп, оның кірісін үлкен қуанышқа баулыған. Ел-жұртпен атаулы мейрамды бөлісіп, үй-үйді аралап жарапазан айтып, жарапазан айтылған үйдің иесі қолында бар дүниесімен рамазанның құрметіне сый-сияпат жасаған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының алтын қорын құрайтын жарапазан, қазақ халқының шешендігі мен көсемдігінің, ой-қиялының ұшқырлығының ғана емес, ислам дінін берік ұстанғандығының да көрінісі.

Сондықтанда, қасиетті Рамазан айының келуі қазақ халықының қанына ғасырлар бойы сіңісіп кеткен төл мейрамы деп, ауыз толтыра айтсақ та болады. Осынау қасиетті айды ұлықтау ниетімен Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен бірқатар игілікті шаралар ұйымдастырылған болатын. Жұма намазына Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Жолдасбекұлы қатысып, мешіт жамағатын қасиетті рамазан айының келуімен құттықтады. Күнделікті тарауық намазында Мысыр еліндегі Аль Азһар университетінің студенттері, Құраннан Ғасим қирағаты бойынша оқуға ижаза (рұқсат) алған, Мухаммади мен Шералі атты қос қари тарауық намазында Алла кәләмін хатым етуде. Мешіт ауласында бірнеше баннерлер ілінді. Қала ішінде қатынайтын автобустарға Рамазан айымен құттықтау қағаздары ілінді. Қаланың орталық алаңында орналасқан телеэкраннан да ораза айына арналған бейнероликпен, слайдттар көрсетілуде. Сонымен қатар, қала халқына таратылатын электер қуатын төлейтін түбіртектерге де осындай құттықтаулар жазылды.

 

Аягөз қалалық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру