«Кішілерге мейірім, үлкендерге құрмет көрсетпеген бізден емес», – деп айтқан Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисіне сай, Маңғыстау облыстық орталық мешітінде үлкендерді құрметтеп, оларды кешкі ауызашар дастарханына тұрақты түрде шақырып, қонақ ету, аса ықыласпен жасалуда.
Рамазанның жетінші және сегізінші күнгі ауызашар қонақтары өлкедегі соғыс және еңбек ардагерлері, мешіт ақсақалдары болды. Қазыналы қарттардың салиқалы әңгімелерін тыңдап, олармен емен-жарқын сұхбат құрған өкіл имам С.Сейтбеков қоғамның ізгілігі қартын сыйлап, қариясына қамқорлық жасаудан көрінетіндігін, иманды ұрпақ барда қарттардың қадір құрметі барынша ардақталатындығын айтты.
Ардагерлер бұл жүздесуге алғыстарын айтып, мұсылмандық өмір салтының қашанда игілікке жетелейтіндігін, облыстық мешіттің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмысына дән риза екендіктерін жеткізді.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
2991
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру