ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы қарттар үйіне Өкіл имам бастаған топ ат басын бұрды.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы тек атаулы күндері ғана емес, ай сайын қарттар үйіне көмек беруді әдетке айналдырған. Сол әдетімен бүгінде көңілі жабырқау қарттардың көңілін бір серпітіп қуанту үшін, мешіт ұжымы арнайы облысытық филармония әншілерін шақыртып, мерекелік көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, азық-түліктер берілді.
Концерт барысында, қарттарымыз балаша қуанып, әншілермен бірге ән салды. Қарияларымыздың жүзіндегі шат күлкіні көргенімізде, біздің де жүрегіміз толқып, олармен бірге бізде қуандық.
Бағдарламадан соң қарияларымыз ауқаттанып, Өкіл имаммен тілдесіп жанға жайлы әңгімелер өрбіп, кітаптар таратылды.
Осылайша, елеп келген ұжымға қарттарда ақ батасын беріп, көсегелерің көгеріп, өсіп өніңдер деді.
Лайымда елімізде жетімдер үйі, қарттар үйі болмағай. «Қариясы бар үй, қазыналы үй», – демекші, осы сөзді әр бір жас санасына түйіп, ата-анасын алақанына салып, қамқор болғай.
Қызылорда облысытық
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
3349
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру