Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радилогия ғылыми зерттеу институтында «Рак» аурымен емделіп жатқан, ауру жандарға мейірімі мол Рамазан айында қасиетті Мекке шаһарынан алынған зәм-зәм суын 50-ден астам ауырып жатқан жандарға дендеріне саулық тілеп, термос ыдысына құйылған және дәрет алып намаз оқу кітапшалары таратылды.
Рамазан айының құрметіне ем алушы жандарға ауызашар дастарханы жайылып, сөз соңында Алатау ауданының Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар оларға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыүлының Рамазан айымен құттықтауын жеткізді. Бас имам рахымы мол Рамазан айында ем қабылдап жатқан жандардың дендеріне саулық, дерттеріне шипа тілеп, бала-шағаларының көз қуанышы болуды Жаратушы Алладан дұға етті. Емделіп жатқан жандардың жүректеріне үміт сыйлап, әрбір аурудың шипасын Алла Өзі беретініндігін жеткізді.
Ауруларына шипа тілеген жандар осы шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Алланың елшісі (с.ғ.с): «Мұқтаждарға көмек беруші – Аллаһ жолында күресушілермен және күндіз ораза ұстап, түнімен намаз оқығанмен тең», – деген хадисі, мұсылман қауымын осындай сауапты амалдарды істеуге үндеген.
Алатау ауданы «Бекет-ата» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2014
3473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру