ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дін мен дәстүрді байланыстырып, халыққа дінді дұрыс түсіндіру, сан ғасырлар бойы ата – бабаларымыздың ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінін болашақ жастарға дұрыс, ұғынықты түрде жеткізу, жат пиғылды теріс ағымдардан сақтандыру тұрғысында атқарып жатқан іс – қызметтеріне үлес қосу мақсатында, қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Павлодар облысы «Екібастұз» қалалық мешіті қаладағы «Атамұра» мәдениет үйімен бірлесіп «Дін мен дәстүр» тақырыбында ақындар айтысын ұйымдастырып өткізді. Айтыс қалалық «Өнер» мәдениет орталығында жүргізілді.
Айтысқа Нұрғанат Қайрат, Айбек Оралхан, Асығат Тұрғанбек, Қуаныш Шарманов, Алмагүл Жүгінісова және Абзал Қабдраш қатарлы өңірімізге танымал айтыс ақындары қатысып, 6 жұп болып айтысты. Ақындар береке-бірлік, елжандылық, отаншылдық, жат пиғылды ағым-секталар қаупі, атадан балаға мирас болып келе жатқан қасиетті тіліміз бен игі дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтау, қастерлеу тақырыптарында жыр нөсерін төгіп көрермендердің көңілінен шыға білді.
Дода соңында айтыс сарапшыларының мүшесі «Екібастұз» қалалық мешітінің Бас имамы М.Ахметов және журналист Ж.Қоғабаев жас ақындарға дін мен дәстүрді байланыстырып, жалпы халыққа насихат етіп жүргендері үшін алғыстарын айтып, сыйлықтар үлестірді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2014
3943
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру