ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілідігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «30 күнде 30 мекемеге уағыз» ұранымен Бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаламыздағы 20/19 әскери шекара бөлімінде болды.
Азат елдің шекара күзетшілеріне өкіл имам Рамазан айымен құттықтап, жұмыстарына табыс, отбасыларына береке тіледі.
Уағыз барысында Талғат Сейіткәрімұлы шекара сақшыларына: «Рамазан айы-мүминдердің кісілігі мен парасаттылығын шыңдайтын иләхи рақымға толы берекетті ай. Ораза ұстауға ниет еткен жан аузына ғана ас кірмеуін қадағалап қоймай аузынан жаман сөз шықпауына да барынша мұқият болғаны жөн»,- деп рамазан айында игі жақсы амалдардың да көп жасаған дұрыс деп сөзін қортындылады.
Шара барысында сарбаздарға бейне ролик көрсетіліп, сарбаздар тарапынан Өкіл имамға сұрақтар қойылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2014
3422
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру