Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Акция: «Жол жүру құны тегін»

04.07.2014 3522 0 пікір

Осыдан бір жыл бұрын келген Рамазан айында, өңірімізде тегін автобустар халыққа қызмет көрсетіп, ризашылықтарын алған болатын.

Осы жылыда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен және қалалық «Қатынас» автопаркінің қолдауымен мүбарак Рамазан айының құрметіне №18 бағыттағы автобус тегін жүріп, үлкендердің ақ батасын алды.

Аялдамалардың бірінен Өкіл имам Талғат Омаров автобусқа мініп, жолуашыларды: «Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар! Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан. Сауапқа кенелу үшін де осы Рамазан айының құрметіне өздеріңіз үшін автобустар тегін жүруде. Бұл тек бір ғана іс-шара. Алда әлі көптеген шаралар бар Рамазан айының құрметіне өткізетін. Мен сіздерді сол шаралардың бас-қасында болуға шақырамын»,- деп құттықтады.

Автобус бағасының тегін екеніне бірі сенсе, енді бірі сеніңкіремей жатты. Дегенмен де апаларымыз өз алғыстарын жаңбырдай жаудырып, ізгі ниеттерін білдірді. Ұлты орыс ағамыз да былайша өз ниетін білдірді:  «Поздравляю вас всех великого Рамадана! Этот месяц самый важный для всех мусульман. Начинается строгий пост, он призван помочь вам укрепить свою веру. Пусть в вашем доме и сердцах поселятся добро и взаимопонимание, а ваши молитвы да будут услышаны Всевышним. Будьте счастливы, желаю здоровья и процветания!»

Шара барысында облысытық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы келіп, Өкіл имамнан және жолаушылардан сұхбат алды. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру