Маңғыстау облыстық орталық мешіті Рамазанның бесінші күнгі ауызашарында өлкедегі мүмкіндігі шектеулі жандарды, мүгедек балаларды қонақ етті. Өкіл имам С.Сейтбековтің шақыруын құп алған «Верю в тебя» қоғамдық бірлестігінің директоры Қарлығаш Рақышева бірлестікке тіркелген мүгедек балаларды ата- аналарымен бірге алып келді. Бірлестік басшысының айтуынша, ұйым денсаулығы кемшін, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеумен айналысады. Бүгінгі күнге дейін бірлестікке жүзден астам мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. «Біз бұл шақыртуға аса риза болып отырмыз. Бұған дейін де облыстық мешіт тарапынан көптеген көмектер алғанбыз. Сіздердің жақсылық жасауға деген құштарлықтарыңыз бізді қуантады. Бізді елеп, қоғамның көлеңкесіне қалдырмай, бір дастарханда бас қостырып, жылы ниет танытқандарыңызға рахмет»,- деді «Верю в тебя» қоғамдық бірлестігінің директоры Қарлығаш Рақышева.
Бас имам С.Сейтбеков сабырлық жайында уағыз -насихат айтып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу,олармен дидарласу - мұсылманның міндеті екенін, сондай ақ, қасиетті Рамазанның ауызашар дастарханы халықтың татулығы мен ауызбірлігін арттыра түсетінін жеткізді.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2014
3014
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру