Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағаттар арасындағы футбол сайысы

03.07.2014 3425 0 пікір

Жуырда қасиетті Рамазан айы құрметіне орай  намазхандар арасында футбол ойыны бойынша Павлодар облысының Майқайың мешіті және «Ақ қайың» қоғамдық қорынан ұйымдастырылатын  дәстүрлі турнирі 3 – рет Екібастұз қаласындағы  «Жасыбай» спорт кешенінде үлкен қарқынмен жүріліп өтті. Намазхандар арасында отаншылдық, елжандылықты, толеранттылықты насихаттауды мақсат еткен бұл сайыс бұдан бұрынғы уақыттарда Майқайың кенті  және Екібастұз қаласында 2 рет өткізілген болатын. Биылғы жылы  Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе ұйымдастырған бұл сайысқа  Павлодар қаласынан - 2, Екібастұз қаласынан - 3, Майқайың кентінен - 1, Май ауданынан - 1 команда  барлығы 7 команда қатысты. Жарысты ұйымдастыруда Майқайың мешітінің алқа мүшесі, Баянауыл аудандық мәслихат депутаты Досов Ербол, Майқайың мешітінің имамы Бодаубек Солдат және Екібастұз қалалық мешіті ұжымы ерекше белсенділік танытты.

Дәстүрлі сайыс тұсаукесерін  ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкіл имамы  Нариман қажы Ермекұлы  мен Майқайың кенті  әкімінің орынбасары Мәлік Кенжеұлы ашып,  Исламдағы береке – бірлік туралы кең көлемде уағыз айтты. Сайыс қорытындысында  шеберлігімен көзге түскен Екібастұздық «Бірлік» намазхандар командасы 1-орын, «Проспорт» (Екібастұз) командасы 2-орын, Май ауданының «Көктөбе» командасы 3-орын жүлделерін қанжығасына байлады. Сайыста белсенділігімен көзге түскен азаматтарға «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» аталымдық жүлделер бойынша сыйлықтар берілді.

Сайыскерлер облыс бас имамы Нариман қажы Ермекұлына  алғысын айтып, алдағы уақытта осындай намазхандардың басын қосатын ізгі шараларды әлі де көбірек ұйымдастырып тұрсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді,-деді. Сайыс соңында спортшылар Екібастұз қалалық мешітінен жайылған дастарханда бас қосты.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру