Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айындағы сауапты істер

03.07.2014 4239 0 пікір

Биылғы 2014 жылдың ерекшелігі Жезқазған аймағының мұсылман жұртшылғын қасиетті Рамазан айының қарсаңында арнайы келіп, Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасының төрағасы, Бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы және  Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілханов ағаларымыздың жергілікті тұрғындарды  құттықтауы.

Айлардың сұлтаны рамазан айы басталысымен Жезқазған аймақтық мешітіне тарауих намазына келетін жамағатқа демеушілердің көмегімен автобус көлігі тегін тасымалдайтын болды. Сонымен қатар ҚМДБ-сы тарапынан Түркия мемелекетінен арнайы шақырылған 2 қари келіп, Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінде және Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» атындағы мешітінде тарауих намазында Құран хатым оқып жатыр. Жылдан-жылға ораза ұстаушылардың және мешіт жамағатының саны да артып келе жатқандығы қуантарлық жайт. Мешіт ауласында, билборт тақташасында және жергілікті қалалық халық тасымалдайтын автобустарда «Рамазан айы мүбарак болсын!» деген тілекпен хабарландырулар ілінді. Аймақтық мешіттерде арнайы ауызашар дастархандары жайылып, сәресі дәмі де берілу үстінде. Соның бірі Жезқазған аймағына қарасты, Жезді кенті мешітінің бас имамы Жалбыр Даулет Бәркенұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти  Ержан қажы Малғажыұлының атынан мешіт шәкірттеріне дайындалған сәресі дәмі. Сәресіге демеушілік жасаған Қапаров Серік Құрмашұлына изгі ниеттерін білдіріп, Алла сауапты амалдардан жазсын деп шәкірттер дұға қылды. Алдағы уақытта осындай сауабы еселеніп жазылатын игі істер жалғасын таппақ...

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы 
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру