Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің

03.07.2014 3274 0 пікір

Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі - қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар),- дейді.

Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет» (хадисті Әбу Һүрайрадан (р.а.) имам Мүслім),- деген.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті жанындағы «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы 3 күнінде кәсіпкер азамат Қайрат Сансызбайұлының демеушілігімен барлығы 14 мұқтаж отбасына әрқайсысына 7 келіден (кг) барлығы 100 келі ет Алла ризашылығы үшін таратылып берілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дегендей қайырымдылық жасаған азаматқа  Алла тағала разы болып, мол-мол сауабынан жазсын демекпіз. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру