Қасиетті рамазан айының келуіне байланысты барлық мешіттерде құран-хатым түсіріледі. Яғни құранды толық білетін қарилар тарауих намазында күн сайын құранның бірнеше парасын оқып, ораза біткенше отыз параны толық аяқтайды. Шариғатта құран оқылған жерге көп уақытқа дейін жамандық жоламайды, тіпті қасиетті құран оқылған кезде періштелер де жерге түсіп, тыңдайды делінеді. Осыған орай, жамағатқа құран-хатымды оқу үшін Ақтау қалалық Бекет ата мешітіне Түркістан қаласынан екі қари шақырылып отыр. Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Абдулла Хафыз бен Бейбіт Исламханұлы ақтаулықтар үшін тарауих намазына қатысып, көпшілікті құран нәрімен сусындатпақ.
Екі қари да құранды жатқа білетін діни сауатты жандар. Олардың келуіне аса қуаныштымыз! Рамазан айының қадір-қасиетін арттыратын тарауих намазының осындай қарилардың қатысуымен өтуі нұр үстіне нұр болып отыр,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Дүйсен қажы Хаснияз.
Биылғы рамазан шіліңгір шілде айына дөп келіп отырса да, Аллаға шүкір Ақтау қаласы бойынша ораза ұстаушылар қатары көп.
Оразашылардың басым бөлігі жастар. Олардың күннің ыстығына қарамай, ауыздарын бекітуі – қуанарлық жағдай. Ал, біз өз тарапымыздан мешіт жамағатына күн сайын ауызашар жасап, жоқ-жітікке қол ұшын созып, қайырымдылық жасауды мақсат етіп отырмыз,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Дүйсен қажы Хаснияз.
Ақтау қалалық
Бекет ата мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.07.2014
4354
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру